Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
23.09.2023
144
Пендеміз ғой
Суығына тағдырдың ұрынсаңда,
Жүгіресің тырысып жығылғанша.
Қас-қағымдай дəуренің өте шығар,
Қасты керіп қабағың сызылғанша.
Пендеміз ғой бəрінен дəмеліміз,
Қазан айнып, қаспағың бұзылғанша.
Дүниенің соңынан қуалайсың,
Құбылаға қу басың бұрылғанша.
Көзің тоймай көксейсің көкше байлық,
Қара жердің қойнына тығылғанша.
Маң-маң басқан марғау күн сенсіз де өтер,
Шашасына шаң жұқпас құлындарша.
«Батыраштың балтасы сілтенеді,
Құлагердің тұяғы қызынғанша».
Пендемізғой бақыттан дəмеліміз,
Сұрап алған бақыттың құны қанша?!
Бекіредей ағысқа қарсы жүзіп,
Тоқтамайсың тасқа бас ұрылғанша.
Бес күн жалған безілдеп өтер кетер,
Есті жиып барлығын ұғынғанша!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter