16.09.2023
  217


Автор: Отбасы күні

Отбасы ол үйіміз

Отбасыны кішкентай бір мемлекеттік ұя деп бекер айтылмаған шығар. Әр отбасының өзіндік заңы бар, өзіндік тұрмыс-тіршілігі бар дүние емес пе? Әдетте Отан отбасынан басталады деп жатады. Ия, расында да, жақсылық жасау, тәлім-тәрбие беру, тәрбиенің бастауы да отбасынан басталмақ. Отбасы бір шаңырақ астындағы бір-біріне туыстық қатынасы бар, қандары бір, жандары бір адамдардың мейіріммен бір аядай үйдің ішінде сыйластықта өмір сүруі емес пе? Отбасыны ол отбасы мүшелерін бір-біріне жылу беріп, бір-біріне мейірімділікпен жақындастырушы, ұрпақ пен ұрпақты табыстырушы, ұрпақаралық тұтастықтың отын жағушы ерекше ұя деп білем. Сол себепті, отбасы - барша адамзатқа ең жақын, ең қасиетті ұғым болып табылады. Әрбір отбасында сүйіспеншілік пен түсіністік мықты болса, қоғамның діңгегі де берік болары анық. Солай емес пе? Адамзат ең алғаш шыр етіп дүниеге келген сәтінен бастап, көзін тырналап ашып, жарық дүниені сезінгеннен бастап-ақ анааының құшағында жатып мейірімділік пен отбасының тәрбиесін алады. Тіпті ол сәби анааының құрсағында жатып-ақ отбасындағы жылулық пен мейрімділікті сезіне алады. Бұл ғылыми жолмен дәлелденген.
Ата- анам өмірдегі ең қымбат адамдарым. Бауырларым өмірдегі жаныма жақын асылдарым. Ата-анам мені жақсылыққа әдептілікке, адамгершілікке тәрбиелесе, ал бауырларым қолдаушы жанашырларым. Біздерді ата-анамыз сабақта да, үйде де ұқыпты, тәртіпті, саналы бала болса екен деп тілейді. Қай ата-ана баласына жаман болсын дейді. Барлық ата-ананың тілегі бір емес пе? Балаларым білімді де тәрбиелі болып өссе, ешкімнің ала жібін аттамаса деп тілейді емес пе? Әсіресе «Түп қазығың - Отаның, ар - намысың - тілің, кәусар бұлағың - ұстазың, қамқоршың - әкең, ақылшың – анаң» деген сөздер жанымызды жадыратады емеспе? Ата - ананың тілегін орындауға әрбір бала бар күшін і салуға міндетті. Ата-ана үшін баласының жетістігі зор бақыт болып табылады. Сондықтан ата-анамызды, отбааымызды жақсы жағынан қуанышқа бөлеп, оларды бақытты етейік.
Отбасы – адамның өте маңызды, өте жауапты жан ұясы десек, отбасы адамға бақыт, шаттық, бақ-береке беретін, толық мәнді тыныс - тіршілік әкелетін ыстық ұя. Отбасыны – адам баласының алтын діңгегі десек, сол алтын діңгектің әрі қарай жандануына атсалысып, оның алтындай келбетіне дақ түсірмей, жақсылыққа бастау әрбірімізге парыз. Сондықтан да отбасы – адамзаттың аса қажетті, әрі қасиетті алтын мектебі. Сол мектептен түлеп ұшып, өз отбасыңды құрғаныңмен алтын діңгекті мектебің бәрібір де жаныңа жақын, көзіңе ыстық болып көрінеді. Солай емес пе? Отбасының адамзат ұрпағына деген ықпалы мен әсер күшін өмірдегі басқа еш нәрсенің күшімен салыстыруға болмайды. Отбасының орны қашанда бөлек, қашанда елден ерек болып тұрады.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу