15.09.2023
104
Құтты болсын тілеймін
Отбасылар күнімен,
Құттықтаймын сіздерді.
Аман болсын балалар,
Қуандырып ізгі елді.
Шаңырақтың шаттығы,
Алла жар боп көбейсін.
Әрбір үйдің тынысы,
Өркендесін, кеңейсін!
Арайлы таң қуантып,
Шаттық әуен болсын тек.
Отбасында барлық жан,
Жүрсін дәйім күлімдеп.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter