Өлеңдер ✍️

  10.09.2023
  198


Автор: Шөмішбай Сариев

Біз даланың екеуміз түлегіміз

Біз даланың екеуміз түлегіміз,
Тағдыр қосып жарасқан тілегіміз.
Ғашық етіп жаратқан дүниеге,
Қарыздар ұл әлемде жүрегіміз.
Сүйіп өстік бал кезден даланы біз,
Бір-біріміз аяулым табарымыз.
Ғашық етіп жаратқан бұл өмірге,
Қарыздар қос қарашық жанарымыз.
Жолықтырған жолы бұл ұлан дала,
Мекен болған аққу мен қыранға да.
Ғашық етіп жаратқан екеумізді,
Қосылып бас иеміз бір Аллаға!

15-15 қаңтар 2011 жыл
Алматы шаһары.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу