Өлеңдер ✍️

  10.09.2023
  267


Автор: Шөмішбай Сариев

Таң атсын, күн батсын

Таң атсын, күн батсын,
Өмір сен қымбатсың.
Жырымды әлемге,
Дүние тыңдатсын.
Жүрегім ғарышқа,
Жанымен тіл қатсын.
Жұмбақ бұл өмірден,
Құпия сыр жатсын.
Тоқыған өзендей,
Өнерлі ырғақсың.
Толқымай, толқымай,
Қалайша тұрмақсың.
Таң атсын, күн батсын,
Өмір сен қымбатсың!..

17-18 қаңтар 2011 жыл
Алматы шаһары.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу