Өлеңдер ✍️

  10.09.2023
  227


Автор: Шөмішбай Сариев

Аралым

АРАЛЫМ – туған қаламсың,
Теңізім – туған анамсың,
Тамған тамшы қос көзден,
Ақ айдын мөлдір жанарсың.
Сен үшін ғана ақ толқын,
Жүрегім жаным жаралсын,
Алатауды айналып,
Теңізді қайдан табарсың?
Қалам ғой туған АРАЛЫМ,
Теңіз ғой менің жанарым,
Шағаладай шарқ ұрып,
Өзіңе қанат қағамын,
Ақжал толқын, ақ толқын.
Айдынды іздеп барамын,
Алатауды айналып
Теңізді қайдан табамын?
Сөйлейсін толқын тіліңмен,
Бір үнің биік бір үннен,
Таң шығымен теңізім
Жұлдыздар тамған түніңмен.
Келдім саған бүгін мен
Жырға тұнған гүліммен,
Құттықтаймын мен сені,
АРАЛЫМ ТУҒАН КҮНІҢМЕН!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу