Өлеңдер ✍️

  10.09.2023
  121


Автор: Шөмішбай Сариев

Көкшекөлім

Ат мініп келе жатым, сайлы күрең,
Алдыма жасыл шөптен жайдың кілем.
Жарқырап жатушы едің Көкшекөлім,
Қарсы алып аппақ ару айдыныңмен!
Бұл өлкенің бәрі тәтті, бәрі балдай,
Сонау қырдан дәл тауып танығандай.
Нағашы атам Өтенияз ел басқарып,
Үрзида әжем жүрер жаны қалмай.
Бойына табиғатты жылы жиып,
Жануардың бәрі де ірі биік.
Нағашым Сұлтан ағам аңдар аулап,
Қақпанмен әкелетін тірі киік!
Дегендей бұл өлкеден төл таңдайық,
Дүние баяғыдан көркем байып.
Жататын қауын-қарбыз бәлектері,
Ересек өрге ұмтылып, өркен жайып.
Қия алмай Күннің көзі бататынды,
Боз ала таңнан тұрып ататын-ды.
Бәленің арасында қауын-қарбыз,
Теңкиіп жерге сыймай жататын-ды.
Күтпей-ақ қарауыл мен күзетіңді,
Сол қауын-қарбыздарды үзетін-ді.
Қас сұлу айдын көлде аққу-қаздар,
Тізілген моншақтардай жүзетін-ді.
Аспаннан тік шаншылар құйын біз деп,
Балықтар мамыр айда мамырлап бір,
Жағыда жататынды ұйық іздеп.
Малынып табиғатқа тұрар елі,
Ақын еткен таңқалтып мына мені.
Баурайы құс тұмсығы барпайтындай,
Жердің бір Көкшекөлім жұмақ еді!..

1 сәуір 2014 жыл
Алматы шаһары




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу