Өлеңдер ✍️

  10.09.2023
  328


Автор: Шөмішбай Сариев

Таулы шатқал алдымыздан шыққаны

Таулы шатқал алдымыздан шыққаны,
Бауырында білдім байлық құт бары.
Қазыналы жұмбақтарын жасырған,
Ойдым-ойдым, сілем-сілем қатпары
Дегендейін көп ұйықтамай аз ұйықта,
Қатып қалмай қадалғандай қазыққа.
Таулы-шатқал кеңіп салып жазылып,
Бері тартып қолын созды жазыққа.
Осылайша бәрін бірге жеңген-ді,
Тыныстайтын дүниеге дем берді.
Жазық пенен таулы шатқал жалғасып,
Дүниені кең көсіліп меңгерді.
Қонған бақ қой маңдайына екі елі,
Айналғандай патшалыққа мекені.
Көк аспанның астындағы патшалық,
Таулы шатқал, жазық Дала екеуі!

19 наурыз 2014 жыл
Алматы-Астана сапары
«Бәйтерек» поезды




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу