Өлеңдер ✍️

  10.09.2023
  72


Автор: Шөмішбай Сариев

Барселон

Ағып жатыр әрбір тұстан жылғалар,
Дүниеден күтетіндей, бір хабар,
Барселонда Барселондық мінез бар,
Барселонда Барселондық мұң да бар!
Тілектері қабыл болып тілеген
Тастан қашап салынған ғой бұл еден,
Америка ашып келген Колумба,
Барселонда аттың басын тіреген!
Қарбаласқан әрбір сөзі ұрандай,
Аттың басын бір бағыттан бұра алмай,
Барселонның мінезі де теңіздей,
Антони Гауди салған храмдай!
Биікке өрлеп басқан әлем басқышын,
Ең әуелі айтсам айтам бастысын.
Барселондық болған адам әлемде,
Үнсіз қалмас ерекше бір тас мүсін.
Сабақты жіп иіреді сан салон,
Жаға жайлық теңізі де ән салон,
Жер ортаның теңізіндей қақ жарып,
Сөйлеп, әне, келе жатыр, Барселон!

8 маусым 2014 жыл


 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу