Өлеңдер ✍️

  10.09.2023
  91


Автор: Шөмішбай Сариев

Уа, Мадрид, мен келдім!

Испан атты Ел көрдім,
Ақын болып тербелдім.
Құшағыңды аш!
Уа, Мадрид, Мен келдім!
Жан дауысын ем көрдім,
Жүрегіме дем бердің,
Ұлы Қазақ Елінен,
Уа, Мадрид, Мен келдім!
Сезіміңе сенгенмін,
Елім деген Ел көрдім.
Ата-даңқың жер жарған,
Испан Елі, Мен келдім!
Жалған айту – жат маған,
Ұмтылады баққа адам,
Нағыз ұлттың бірі екен,
Ата дәстүр сақтаған!
Әулетіңмен, жұртыңмен,
Жүзген ақша бұлтыңмен,
Испания ұлы Елсің,
Ұлағатты ұлтыңмен!
Тіліменен гүл кілең
Сұлу жандар бір күрең
Уа, Мадрид, Мадрид,
Ұлы Испан ұлтымен!
Шексіз әлем – бірі – кең,
Дүние ғой бірі – кем,
Уа, Мадрид, Мадрид,
Ұлы Испан тілімен!
Тіліңді әсем – ем көрдім,
Жүрегіме дем бердің,
Уа, Мадрид, Мадрид,
Құшағыңды аш, Мен келдім!

5 Маусым 2014 жыл.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу