26.07.2023
  429


Автор: Баланы қырқынан шығару

Баланы қырқынан шығару, ата тілегі

Шығарайық қырқыңнан,
Балапаным,  күн,  айым!
Тырнағыңды алайын,
Жар болсын деп Құдайым!

Алсын атаң шашыңды,
Бауыржандай батыл бол!
Білімді боп,  білікті,
Жақсылыққа жақын бол!

Еңбек етер тоқтамай,
Қажырлы еңбек сүйгіш бол!
Айналаңа әрдайым,
Мейірімді,  нұрлы бол! 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу