Эсселер ✍️
Ата заңым айбыным
Қарап отырсақ әлемнің қандай да бір мемлекетін алып қарасақ ғасырлар бойы өз құндылығын жоғалтпай, ұрпақтан ұрпаққа беріліп отыратын өзіндік заңдар жинағы болатыны сөзсіз. Осындай заңнамалар жинағы, яғни Ата заңымыз біздің елдің де құрылымын, адамдар арасындағы қарым-қатынасын, олардың құқықтарын қорғап, түрлі баптармен сипатталады. Бұл заңнамалар Қазақстан Республикасында, яғни еліміздіңттәуелсіздігін нығайту барысында қабылданды. Конституциялық құжаттар 1924 жылы ең алғаш рет қабылданса, 1937, 1978, 1993 жылдары жаңа заң жобалары қабылданып, жалғасын тапты. Ал 1995 жылы 30 тамызда бүкіл халықтық референдумда қабылданған заң еліміздегі халық арқылы қабылданған басты заң жобасы болып табылады. Дәл осы күн, яғни 1995 жылдан бастап 30 тамыз — «Конституция күні» болып мемлекеттік мереке болып жарияланды. Еліміздің тым қысқа мерзімде өз Конституциясын құрып, заң жобаларын қабылдағаны талайларды таңқалдырғаны өтірік емес. Елімізді қаншама шет елдіктер сыртынан бақылап отыр десеңізші. Аллаға шүкір, өз Тәуелсіздігін алып, тәй-тәйлап қадам басып, бойын тіктеп, ойын тіктеп 28 жасқа қадам басқан Қазақстан Республикасының Конституциясы — Қазақстан Республикасының Ата Заңы деп саналады.
Ата заңым айбыным, заңды құрметтеу Қазақстан азаматтары мен азаматшаларына парыз, міндет десек те болады. Заң баршамызға ортақ, баршамыздың құқығымызды қорғайтын заңнама. Еліміздің әрбір тұрғыны заң негіздерін бұзбай, заңдылықтарды сақтап жүрсе еліміздің жыл өткен сайын өсіп өнеріне сенімім кәміл. Тұтас бір мемлекеттің басты негізі оның халқы болып табылады. Халық тату болса, бір-біріне сыйластықпен қарап, ынтымақта болса ол елдің мәдениеттілігін, дамушы ел екенін айқын көрсетеді. Халық тарықпай, бай-қуатты болса ол елді бай елге балап, елдің мерейі мен абыройын арттырары анық. Яғни, менің айтпағым, еліміздегі қандай ұлт болмасын, қандай адам болмасын бір-бірімен тату болса, ол шетелдіктерге біздің еліміздің келбетін көрсетеді. Ғаламторы дамыған заманда интернетке шығып, масқара болмай, өз жасап жатқан ісімізге мұқият болайық. Өйткені, сол ғаламтор арқылы елде не болып жатқанын бәрі көріп, біліп отырады. Сондықтан, Ата заңымызды құрметтеп, ел тыныштығын сақтап жүрейік. Тыныштық бар жерде береке бар, береке бар жерде мереке бар.
Ендеше, мемлекеттік мерекелердің бірі де бірегейі болып саналатын 30 тамыз — Конституция күні құтты болсын қазағым! Берекелі де мерекелі күндеріміз көп болғай!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter