24.07.2023
  355


Автор: Конституция күні

30 тамыз — Конституция күні

Алдымен «Конституция» деген сөздің мағынасына терең үңілер болсақ латыншадан аударғанда «құрылыс» деген мағынаны береді екен. Яғни, бір тұтас ел болып бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, заң аясында ынтымақта, бірлікте еңбек етіп бәріміз жұмыла өмірімізді, тыныс-тіршілігімізді құрып мемлекет атану деген мағынаны береді. Бұл жай бір адамның қолынан келетін дүние емес, бүкіл ел болып, халық болып ат салысатын мәселе. Қазақстан конституциясын тұңғыш рет 1924 жылы қабылдағанын бірі білсе, бірі білмес... Содан кейін 1937, 1978, 1993, 1995 жылдары жазбаша түрде қабылданды. Қазіргі таңдағы қолданылып жүрген конституция 1995 жылы 30 тамызда бүкілхалықтық референдум арқылы қабылданған заңдық мәртебесі жоғары. Ата заң дейміз, бұл Ата заңның қандай маңыздылығы бар деген сұрақ туындайды. Ата заң ол — елде болып жатқан барша жарқын істердің іргетасы десек қате айтқанымыз емес. Конституция еліміздің ынтымақ бірлігі, шамшырағы мен алтын тірегі болып еліміздің өркендеуіне зор ықпалын береді. Қазіргі таңдағы бірлігі жарасқан Қазақстанның әлемдік аренада өзіндік жекелеген орнын қалыптастырып, әлем елдері үлгі алатындай мықты дәреже жете білді. Бұл әрине Ата заңымыздың адамзаттық құндылықтар мен өркениеттік игіліктің бәрін бойына қамтығандығының арқасы дер едім. Расында да Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырып, тамырын тереңнен жая білді. Заңнамада еліміздің ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандығы деп айқын басымдылықпег көрсетілген. Мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы – халық. Ал сол халық, олардың жүріп тұруы, бір-бірімен қарым-қатынасы, сыйластығы мен ынтымағы мемлекеттің айнасы дер едім. Қандай ел болмасын халының әл-ауқаты мен олардың бір-біріне деген қарым-қатынастары сол ендің қандай жағдайда екендігін анық көрсетеді. Өркендеп дамуымыздың басты құжатына айналған Ата заңымызды бәріміздің құрметтеуіміз шарт әрі парыз. Қазақстанның әрбір азаматы мен азаматшалары еліміздің негізгі заңының асқақ рухы мен маңызын, Конституцияны қалыптастыру тарихын жақсы білуі керек. Қабылданған Конституцияны құрметтеу және сақтау арқылы, оның тарихы мен маңызын білуімізбен ғана біз өз елімізді, Отанымызды, тарихымызды, құндылықтарымызды құрметтейміз. Сонымен қатар, тіліміздің дамуы арқылы қоғамдық келісімге қол қою арқылы, бейбітшілік пен тыныштыққа қол жеткізе аламыз. Себебі біздің Ата Заңымыз – Қазақстан халқының саналы таудауы, өркенді дамуымыздың басты көрінісі.
Арайлы таңды таңға жалғап, бұқзақылыққа жол бергізбейтін Ата заңымыздың ғұмыры ұзақ болсын! Әр жыл сайын 30 тамызда аталып өтілетін Конституция күні құтты болсын қазақ елі, Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу