Өлеңдер ✍️

  14.07.2023
  237


Автор: Серікбай Оспанов

Сен жастандың білегімді...

Сен жастандың білегімді,


Жастандым ертоқымымды.


Қызық еткен бұл өмірді,


Ұмытпан мен сол түнімді.


 


Тұңыш сонда қозғаған сең,


Тулаттың жан толқынымды.


Әдептен мүлде озбаған сен


Ұмытпан мен сол түнімді.


 


Қонбай өзің қолыма кеп,


Арамыз суып кетті енді.


Арманым жүр болып әлек,


Жете алмай


Қуып өткенді...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу