Өлеңдер ✍️

  14.07.2023
  167


Автор: Серікбай Оспанов

Болып ынтық өзіңе...

Болып ынтық өзіңе,


Аңқылдаған кезімде,


Толып ыстық сезімге,


Жарқылдаған көзімде


Сен тұрғансың,


Көрдің бе?!


 


Көңілім мен көңілің


Бір теңіз боп,


Жарасып,


Ерініңе ерінім


Қалған сәтте жанасып,


Жанарымда, Елігім,


Сен тұрғансың,


Көрдің бе?!


 


Жұлдыз болдың жарқ етіп,


Төмен ағып,


Құлаған.


Бар өмірден сән кетіп,


Салмай қойды бұлақ ән.


 


«Сен пәк едің күнәдән,


Мен пәк едім күнәдән.


Неге, неге болмадық


Біз екеуміз бір адам?!», –


Деп күйініп жылағам.


Көзім жасы домалап


Жерге сонда құлаған.


Бірақ, жаным, жүрсің сен


Жанарымда дін аман.


Жанарыма бөленген


Күнде сені көрем мен...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу