Өлеңдер ✍️

  14.07.2023
  174


Автор: Серікбай Оспанов

Бұл махаббат сиқырлы от мен білсем...

Бұл махаббат сиқырлы от мен білсем,


Жанарыңнан жалын көрем сен күлсең!


Бұл махаббат мейірім ғой мен білсем,


Құшағыма көктем болып ендің сен!


 


Бұл махаббат биік сенім мен білсем,


Ардақ тұттың, айтқаныма сендің сен.


Бұл махаббат – құлай сүйіп ұнату,


Іздеу,


Табу,


Үндей алмау,


Тіл қату.


 


Жүрегіңді күні-түні жырлату,


Жылатып ап қайта сосын жұбату,


Шыдау,


Сынау,


Шынайылық,


Сынату.


 


Махаббатты айту қиын білем деп,


Ауыртып ап жүрегімді жүр емдеп,


«Махаббатты не деп қалай ұғасың?» –


Деген адам жүрегінен сұрасын!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу