Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
14.07.2023
121

Жасқанып мен жүр едім...
Жасқанып мен жүр едім
Жассың әлі деуге де.
Дедің маған:
– Жүрегім
Сыймай қойды кеудеме!
Жоқты білмеу, барды ұқпау –
Махаббаттың мінезі.
Ол – аңғырттау, албырттау,
Дүниеде бір өзі!
Санаспайды санамен,
Түсіне біл оны шын.
Бір-ақ адам – бар әлем,
Ең сұлу сол – ол үшін!
Таба алмайды сәл тағат,
Құлақ аспас сөзге онша.
Махаббат па ол махаббат,
Құлақ болса, көз болса?!
Опығы көп ойдың да,
Қиял – алыс,
Сағымды ...
Шырылдатып қойдым ба
Сенің шыбын жаныңды?!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇