Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
14.07.2023
122
Қарт терек
Қыз бен жігіт тұр ғашық.
Желпіп бетті жел күлді.
Қарт теректі мұң басып,
Қалғып кеткен секілді.
Қыз бен жігіт сезбейді
Қарт теректің бұл күйін.
Жел түртініп не іздейді, –
Соғып өтті бір құйын?..
Шуға толды бақ кенет,
Жанға көңіл бөлмеген.
Күрсінеді қарт терек,
Құшақтасып көрмеген...
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter