11.07.2023
  160


Автор: Томирис Жиенбаева

Дебат және оның пайдасы

Дебат - екі тараптың белгілі бір тақырыпқа байланысты пікірталасы.


Жалпы дебат үш форматта өткізіледі: АПФ, БПФ ,ЛД


Әрбір форматтада екі тарапқада тақырып беріледі. Бір команда мәлімдеменің негізділігі мен ақиқаттығын растау міндетін алады, ал екіншісі бұл тұжырымды толығымен және толығымен жоққа шығаруға бар күш-жігерін салады. Әр команда өз кезегінде өз дәлелдерін ұсынады және қарсыластар келтірген дәлелдерді жоққа шығаруға тырысады


 


Дебаттың пайдасы:


•Анализ жасауға үйретеді. Турнирға барар алдында сіз тақырыптарды талдайсыз және әрбір тақырыптың тек плюс жақтарын емес, кері жақтарын да қарайтын боласыз.


 


•Аудиторияны алдында сөйлеу дағдысын қалыптастырады. Жүйелі түрде аудитория алдында сөйлеген спикердің өзінің тақырыбын аудитория алдында алып шыққан сайын өзіне деген сеніиділігі арта түседі. Оған қоса бұл дағды күнделікті өмірде өз ойыңды адамдар арасында білдіруге көмек беретінінда ұмытпаумыз керек.


 


•Әрбір салада белгілі бірдеңгейде  білімің болуына көмектеседі. Ол мектепте эссе жазу немесе сіз үшін жаңа адаммен танысу және оны қызықтыру әрекетінде таптырмас қажет дағды десек те болады . Дебат ойындарында әртүрлі саланы қамтитын тақрыптар болады. Саясат мәселесі, экономика, қазақ әдебиеті, қазіргі заман проблемалары секілді тақырыптар көрініс табад.


 


•Пікірталас сіздің мінезіңізді дамытуға көмек береді. Қарсы тарап өз пікірін дәлелдеп жатқанда сіз бей жай қарап тұрмайтыныңыз анық.


 


Бұл ойын түрінің пайдасын көре тұра жастар арасында танымалдылыққа ие болып жатқандығы қуантады. 


 


                         Томирис Жиенбаева




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу