Өлеңдер ✍️

  10.07.2023
  150


Автор: Серікбай Оспанов

Айлы түнде

Қол соғып жағада тал билегенде,


Тақалып, ерніңе ернім тимегенде,


Ақ балтыр, саған ұқсап аппақ мүсін,


Шомылды алтын Ай кеп Шилі өзенге.


 


Өзендей Ай шомылған мен дірілдеп,


Қымтадың етегіңді сен күлімдеп.


Ашады омырауыңды қайта-қайта


Аймалап менен бұрын жел жүгірмек!


 


Ерніңе балқып ернім жанасқанда,


Дегендей: «алыстамын, әй, жасқанба!»


Көзімді қайыра ашқанда


Көңілімдей


Кетіпті көтеріліп Ай да аспанға!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу