Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
10.07.2023
65
Ұзақ саған телміре қарап едім...
Ұзақ саған телміре қарап едім,
Қиналдың ба?
Қысылып «аға» дедің.
Аққу мойның иіліп, оң жағынан
Сығалады көйлектен қара меңің.
Көз шіркінде, көңілде тойым бар ма?!
Жөнелді алып қияли ойымды алға.
Сұлулыққа қойылған нүкте ме еді,
Әлде алдамшы сезімге қойылған ба?!
Кіп-кішкене құдірет – Сен де, мең де.
Жүрегімді, кысылдым, тербегенде.
Қоштасқандай болады кейде алыстан,
Жақындасам ұқсайды кел дегенге.
Таңдайымда – бал дәуреи тойдың дәмі...
Думаныңа дүние-ай, тойдым ба әлі?!
Қол бұлғаған өмірдің өзі емес пе
Кіп-кішкене қара мең мойныңдағы?!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter