Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
10.07.2023
95
Бақыт па, әлде сор ма өзіңді көргенім...
Бақыт па, әлде сор ма өзіңді көргенім,
Неге аңқамды кептіреді шөл менің?!
Бір көргеннен баурап алар жан-тәнді,
Ертектегі пері қызы сен бе едің?!
Махаббаттың жүр ем оты сөнді деп,
Іші-бауырым бара жатыр елжіреп.
Ақыл-естен мүлде айрылған жандаймын,
Менде өкпе жоқ!
Мен – бауырмын!
Мен – жүрек!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter