Өлеңдер ✍️

  10.07.2023
  85


Автор: Серікбай Оспанов

Қоштасқандай жырлы, сырлы көктеммен

Қоштасқандай   жырлы,   сырлы   көктеммен,


Өлең жазбай кеткен едім көптен мен.


Кездескенім   қандай   ғажап   сенімен,


Ақын – жүрек  қайта  оянды  от – демнен.


 


Айналғандай – әр сөзім жыр-бұлаққа,


Өлең жазып жүрмін, міне, бір апта.


Адамзатқа залалы жоқ,


Тек ғашық


Сен деп соққан жүрегімді жылатпа!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу