Өлеңдер ✍️

  10.07.2023
  123


Автор: Серікбай Оспанов

Жарық сәуле атың – Шам...

Жарық   сәуле   атың – Шам,


Келермісің   шақырсам?


Сенермісің,   ғашықпын,


Демермісің   алқынсам?!


 


Жарық сәуле атың – Шам,


Деме   мені,   талпынсам.


Қөбелектей


Жарыққа


Құмар   болған   ақын   сан.


 


Жан   ба   екенсің  жаны – Күн,


Дей   алмаймын   таныдым...


Қанатымды   күйдірмей,


Жылытса   еді   жарығың...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу