Өлеңдер ✍️
Жаным еді жасымнан ән-күй менің...
Жаным еді жасымнан ән-күй менің,
Өлең мен ән – көңілге бар түйгенімі
Елжіретіп барады
Тағы, тағы
Әнге салшы, әнші қыз, бантик ерін!
Әнге салшы, несіне тоқталасың,
Төк арманын,
Бабамның төк наласын!
«Әдемі-ау...» деп жұтынып, соза түссең,
Әдеміден де әдемі боп барасың.
Жүрегімді қаққандай ішек тербетсең,
Әнмен бірге барасың көкке өрлеп сен.
«Ахау, керім» – аспанда, жүрегімде,
«...Ризамын, жан қалқа, сертке жетсең...
Қиын-қыстау жерлерден аман өтсең...»
Үнің енді үздіккен қалар ма естен?!
Бантик көрсем ерніңді елестетіп,
Сенің үнің деп жүрмін самалды ескен.
Алтыным-ай, әуезге қанбай қалып,
Таңырқаумен отырдым таңдай қағып.
Әсем әуен бір сәтке өзің болып,
Өзің, жаным, кеттің-ау әнге айналып.
Айналайын үніңнен, тамағыңнан,
Сенің үніңді іздеймін дала, қырдан.
Сағағынан іздеймін домбыраның,
Жаным балқып, жабырқап саламын ән!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter