Өлеңдер ✍️

  10.07.2023
  96


Автор: Серікбай Оспанов

«Сүйемін» – сөз бе ескірген

«Сүйемін» – сөз бе ескірген?!


Жаңасын іздеп байқайын.


Сен   естімеген   ешкімнен


Тәп-тәтті   бір   сөз   айтайын.


 


«Ынтықпын» десем жарамас,


«Ғашықпын» деу де аз маған.


Жылтырақ емес,


Жалаңаш


Сөз керек ешкім жазбаған.


 


Ынтазар саған көп пе адам,


Бәріне көңілің тола ма?


«Өзіңсіз өмір жоқ маған,


Өлемін!» десем бола ма?


 


Көп сөзді ел қойған салқын ғып,


Айтпаған бәрін адам кем.


Құштарлығыма татырлық


Таппадым бір сөз саған мен!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу