Өлеңдер ✍️

  10.07.2023
  409


Автор: Серікбай Оспанов

Қартаймайды екен бұл көңіл...

Қартаймайды екен бұл көңіл,


Жүректі күнде жырлатып.


Көзіңде сенің тұр өмір,


Көзінде сенің тұр бақыт.


 


Ақ шалды бүгін самайды,


Арман боп тұрсың жанымда.


Көзің боп сенің қарайды,


Сонау бір жастық шағым да.


 


Өртедің,


Неткен өрт едің,


Ойымды тұрдым сәл бүгіп.


Көзіңде - сенің ертеңің,


Көзіңде - сенің мәңгілік!


 


Айта алмай,


Айтуға оқталып,


Жанарың бір сыр ұқтырды.


Көзіңде сенің от жанып,


Көзімде менің шық тұрды...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу