Өлеңдер ✍️

  10.07.2023
  99


Автор: Серікбай Оспанов

Әр түрлі өрнек салса да...

Әр түрлі өрнек салса да,


Уақыт жылдам ағады.


Жылдар өтті қаншама


Даусыңды тыңдамағалы?


 


Сағынтты жақұт-жанарың,


Сағынтты күлкің сыңғыры.


Қашан қыса аламын


Алақаныңды жып-жылы?


 


Шықпай да қойдың түсімнен,


Не деген сонша күшті еді


Өзіңнің маған түсірген


Бір нәзік сәулең іштегі?


 


Қайталап күнде атыңды,


Армандаумен алға астым.


Жанарыңдағы жарқылды


Ешқашан ұмыта алмаспын!


 


Жаныма серік болған кіл,


Шығады небір жолға алып.


Арманым нәзік – сол жарқыл,


Таңдарым аппақ – сол жарық!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу