Өлеңдер ✍️

  10.07.2023
  144


Автор: Серікбай Оспанов

Қуанышқа қуанып жарқылдай біл...

Қуанышқа қуанып жарқылдай біл,


Жаз – дәуірдің жарасты салтыңдай бұл.


Ішің жылап тұрғанмен, сыртың күліп,


Көңілдегі бүкпесіз айтылмай жүр.


 


Үнсіз адам ұқсайды шөл далаға,


Шындығыңды айт,


Жасырып қорғалама!


Екі жүрек бірікпей тұтастық жоқ,


Екі көңіл бірікпей  көл бола ма?!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу