Өлеңдер ✍️

  10.07.2023
  137


Автор: Серікбай Оспанов

Шаттандырғым келеді, шаттандырғым...

Шаттандырғым   келеді,   шаттандырғым,


Арман – елші   өзіңе   аттандырдым.


Мен сияқты өмір де құбылады,


Көктем   бір   күн,


Жаз   бір   күн,


Ақпан   бір    күн.


 


Өмір   солай   өтуде   алдандырып,


Сен қуанта алмадың таң қалдырып.


Өзіңсіз де өкініш аз болмайды,


Аппақ-аппақ атқанмен таңдар  күліп.


 


Өмір   солай –


Білмейді   ұятты,   еркем,


Әзәзілдеу,


Қаталдау,


Бірақ   көркем.


Өмір   солай –


Қас қағым  қапы шағың,


Екі айрылған екеуміз сияқты ертең...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу