07.07.2023
  2030


Автор: Жібек Ысқақова

Келсе егер өрлегің,
Сылтауға жол бермегін!

Еңбек етсең шығасың,
Биікке өрлеп, қыратқа.
Ісің алға баспайды,
Жалқау болсаң бірақта...

Наны тәтті еңбектің,
Іс жасасаң жүрекпен.
Кітап оқы, жалықпа,
Шығаратын түнектен.

Еңбек етсең тоқтамай,
Биікке өрлеп шығасың.
Ақылменен іс қылсаң,
Өмір ғажап, ұғасың...

Қолың жетер биікке,
Еңбек етсең ерінбей.
Білім ізде кітаптан,
Жалқаулыққа берілмей.

Биікке өрле өмірдің ақ жолында,
Алға бастар өмірің өз қолыңда...

Ақыл, білім кітапта,
Жетелейтін мұратқа.
Өрлеу үшін бикке,
Жігеріңді құлатпа.

Еңбек етсең жетесің,
Өрлеп таудың шыңына.
Шалыс бассаң құлайсың,
Есте сақта мұны да...

Жансын десең еңбегің,
Жұмыс жаса, терлегін!

Еңбек етсең маңдай термен қыр асып,
Тамыр жаяр бұл өмірің гүл ашып...

Жібек Искакова




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу