Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
07.07.2023
319
Қоңыр гүл
Парақтары күндердің –
Түрлі-түсті өмір бұл.
Арасынан гүлдердің
Тауып алдым қоңыр күл.
Айырмасы түсінде
Қызыл, сары, ақ гүлден.
Көрмегенді түсімде
Осы гүлден таптым мен.
Үлбіреп тұр!
Сымбатты!
Түрі үшін бе жазықты?
Не бар одан қымбатты,
Көрдім бе одан нәзікті?!
Самал есті.
Далам – көк.
Серпілді еркем,
Күлді еркем.
Қоңыр түсті жаман деп
Жүрген жандар кім екен?!
Жан тербейді қоңыр үн,
Қоңыр әуен – жан емі!
Ән мен күйде өмірің
Әдеміден де әдемі!
Анаң жақсы көргенде
«Қоңыр қозым» демей ме?!
«Қоңыр көзім, айналдым,
Өмір де өзің!» – демей ме?!
Көнбейді өмір тезіне
Деп жүруші ем көңіл бұл.
Жанарымды өзіне
Байлап қойды қоңыр гүл.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter