Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
07.07.2023
62
Қабақ шытпай қарсы алып ұлы күнді...
Қабақ шытпай қарсы алып ұлы күнді,
Мықтап салып келемін құрығымды.
Өзгертуге мен сені асыққанмен,
Сен құрайсың, уақыт, ғұмырымды!
Сен білесің асырып, жасырғанды,
Пасықтарды, жасықты, асыл жанды.
Секунд, минут лезде өткеніңмен,
Сен құрайсың тарихты,
Ғасырларды!
Таңым атып,
Жатады батып күнім,
Зула-зула, алма сен, уақыт, тыным!
Мен де қарап қалмаспын, қарманармын,
Әкеп берер базардан бақытты кім?!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter