Өлеңдер ✍️

  06.07.2023
  70


Автор: Серікбай Оспанов

Шындық

Шындықтың әкесі – Ел,


Ар – анасы,


Қорқытпас оны қылыш, дар ағашы.


Шындықты керегі жоқ алтынға орап,


Сүйікті болады оның жалаңашы.


 


Ол онша жылтырақты қумайды көп,


Жалғандық ол бар жерде шулайды кеп.


Шындықты өледі деп ойламаңдар,


Шындықты ойламаңдар тумайды деп.


 


Туған ол, туады әлі бар әлемде,


Дос болып ата-анамен, ағамен де.


Жатсынбай,


жатырқамай,


жалтақтамай,


Тіп-тіке келе жатыр қарап елге!


 


Арқауы – өмірімнің, өлеңімнің,


Шындықтың арқасында көремін күн.


Бәрі бар – керегімнің шындық барда,


Желбіреген Туы  ғой  ол елімнің!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу