06.07.2023
  218


Автор: Астана күні

Көрікті қалам — Астанам!

Әдемі, биік көрікті ғимараттарымен бар әлемді таң қалдырған, әр күн сайын сұлуланып, жанданып келе жатқан ол көрікті қалам — Астанам! Астана деп ән саламыз, Астана деп жыр жазамыз, Астана деп би де билейміз, солай емес пе?! Өйткені, Астана біздің соғып тұрған жүрегіміз. Сол жүрек арқылы бүкіл қазақ еліне рең беріп, көрік беріп отыр. Әрбір Қазақстандық үшін Астана бас қала, жас қала болып қалады. Еліміздің әрбір аймағында тұратын азаматтар мен азаматшаларының тілегі осы Астананы көріп, әдемі көз тартатын ғимараттарын аралап, саяхат жасау десем қате айтпағаным болар! Осындай Астанамыздың болуына жол салып, еліміздің қақ төрінен жаңа қала Астанамыздың бой көтеруіне бірден бір атсалысқан еліміздің тұңғыш президентіне айтар алғысымыз шексіз. Расында да ол кісінің Астананың Ақмола жерінен бой көтергізіп, Астананың дәл осындай ғажайып күйге енетініне сенім артқаны тарихта өшпес із қалдырғаны сөзсіз. Бүгінде бас қаламыз көкті тіреген Бәйтерегімен, Ханшатыр, биік ғимараттарымен, бар әлемді таң қалдырған ең үлкен мешітімен еліміздің қақ төрінде жарқырап тұр.
Күн өткен сайын әлем назарын өзіне аудартып, көркейіп, жанданып жатқан Астанамызбен мақтанамыз. Астана біздің бас қаламыз, бойын енді тіктеп, әлемнің үздік 30 қаласына енген жас қаламыз, ғаламтордан болсын, теледидардан болсын адамдарды бір өзіне баурап алар Астанамыз!
Бүгінде елімізде халық саны миллионнан асқан үш мегаполис қала бар болса, солардың бірі де бірегейі біздің осы Астанамыз. Астананың қысы аяз, қаһарына мінетін бет қаритын суықтары болса, жазы көбнесе салқын, жаңбырлы, бұлтты болады. Астананы көру үшін, аралап саяхат жасау үшін осы жаз айларын таңдасаңыз болады. Дей тұрғанмен қай айда болмасын Астанаға баратын болсаңыз Астана тұрғындары ыстық ықыласымен жаныңызды жылытып, нұрландырып жіберері анық. Сөз бар ғой, «Ауа райы қанша суық болса да, адамдар арасында көңіл суымасын,» — деген.
Бар болайық, нар болайық әр күн сайын Астанамен бірге жанданайық! Аман болайық!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу