06.07.2023
  52


Автор: Астана күні

Астана күнімен құттықтаймын!

Бүгін шаттық, мереке қараңыздар,
Есік ашқан шілденің алтысы бұл.
Құттықтаймын Астана күніменен,
Әуеленіп шырқалар ән менен жыр.

Астанамыз бас қала жайнай берсін,
Әсем болып көркейіп жылдан жылға.
Бас қалаға барша жұрт таң қалыссын,
Көрік қосқан көркіне әрбір жылда.

Астананың төрінде күн күлімдеп,
Тыныш болсын еліміз, жеріміз бұл.
Бас қаламыз ол біздің жүрегіміз,
Соқсын жүрек бұзылмай теңіміз бұл.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу