Өлеңдер ✍️

  04.07.2023
  339


Автор: Серікбай Оспанов

Үнсіз-түнсіз бостан-босқа күрсінбе...

– Үнсіз-түнсіз бостан-босқа күрсінбе,
Айт сырыңды,


Ағайының білсін де!


Қалатының бар еді ғой ұрынып,


Әлденені бүлдіріп ап жүрсің бе?!


 


– Алмасады қуаныш пен реніш,
Шалыс бассақ, өкінеміз – біледі іш.
Кешіргейсіз, кетті менен қателік...
Өмір жолы емес түзу рельс.


 


– Өкінішке баттың екен сен неше?
Ең жаманы – елің саған сенбесе.
«Кешір» деген қорқынышты сөз емес,
Күнде-күнде қайталана бермесе!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу