Өлеңдер ✍️

  04.07.2023
  62


Автор: Серікбай Оспанов

Өтіп жатыр ғұмырың, байқалмайды...

Өтіп жатыр ғұмырың, байқалмайды,


Өткеніңді уақыт қайтармайды.


Білмейтіндер


Бүгінгі Серікбайды


Сары бала деп кешегі айта алмайды.


 


Айта алмайды кешегі сары бала деп,


Бармаймын деп жұмысқа салған әлек.


Білмейді енді


Көбіміз әкеміздің


Атын естіп, бір көре алмаған ек.


 


Көрмегендер білмейді өткенімді,


Сәл жұтаңдау мазасыз көктемімді.


Шығыр айдап шыбыртқы ап кеткенімді,


Әкемді ойлап көз жасты төккенімді.


 


Қайдан білсін жырымды – сырларымды,


Көңілімді – көрікті гүл бағымды.


Тақта алдында қамығып


Қайдан білсін


Есеп білмей есінеп тұрғанымды.


 


Танымайтын жандарға таны демен,


Бәрі қызық өткеннің, бәрі де өлең.


Тек сол күндер есінде қалғандарға


Еркелер ем бала боп әлі де мен...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу