Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
04.07.2023
189
Өмір – өзен адамға қарсы ағады...
Өмір – өзен адамға қарсы ағады,
Бола бермес жүректің аңсағаны.
Қапаланып біреулер қайғы шегіп,
Әләулайлап біреулер ән салады.
Өмір – уақыт,
Жеткізбес бұл арманың,
Алға сүйреп тірлікте тұрар бәрін.
Қаншама ұқтым десем де ұлылығын,
Мен әзірге шын сырын ұға алмадым.
Өмір – құйын,
Ұршықтай үйіреді,
Қара бұлт боп, ақ бұлт боп түйіледі.
Өмір – жұмбақ өтесің ойланумен,
Неткен, шіркін, шешуі қиын еді.
Өмір мазақ секілді айыптыға,
Өмір ғажап секілді байыптыға.
...Қызығы не жаяуға машина боп
Өмір өзен болса егер қайықтыға?!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter