Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
04.07.2023
60
Күнім бар бұл кеудемде...
Күнім бар бұл кеудемде
Жарық етер маңайын.
Шуағына сендер де
Жылыныңдар, ағайын!
Кеудемдегі Күн жанып
Жанарымда жарқырар.
Оны өздерің шығарып,
Оны өздерің батырар.
Жетеді елге шуағы,
Ол – көңілдің байлығы.
Жер бетінен қуады
Қасірет пен қайғыны.
Тек жақсылық қалайды,
Елге сенім артады.
Тамырларға тарайды
Тіршілік боп шапағы.
Жүрегім ол бұлқынар,
Қызуы бар қанымда.
Тыныштық деп шырқырар
Сол күн әлде жаным ба?!
Болса болар мұңым кем,
Қуаныштан күліппін.
Келеді ашық күніммен
Бар әлемді жылытқым!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter