Өлеңдер ✍️

  04.07.2023
  76


Автор: Серікбай Оспанов

Біреудің айналардай ермегіне...

Біреудің айналардай ермегіне,


Қалайша сыймады екен кең жеріме?!


Тастанды бір баланы Америка


Байлары алып кетті елдеріне.


 


Еліңсіз неге керек күн көргенің,


Құсадан сол емес пе күнде өлгенің?!


Бір кезде қасірет қой


Өз елінің


Жат жұртқа білсе сатып жібергенін!


 


Ойласам көз алдымда тұрады ұлым,


Не жетпей жатыр бізге мына бүгін?!


Отаны,


Безінердей ата-анасы,


Не жазды тумай жатып,


Кінәлі кім?!


 


Сол сәби неге, ағайын, құрбандығың,


Көзінен көргендеймін тұнған мұңын.


Құдай-ай, білмесе екен сатылғанын,


Қай елде білмесе екен туғандығын...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу