Өлеңдер ✍️

  04.07.2023
  114


Автор: Серікбай Оспанов

Күндерім аз тоқпейіл, толқытпаған...

Күндерім аз тоқпейіл, толқытпаған,


Толқытпаған күндерден қорқып қалам.


Жыл құсым боп, ұшырар жыр-құсым боп,


Келіп-кетіп тұрады бақыт маған.


 


Келіп-кетіп тұрады маған да Бақ,


Аялаймын әрқашан адал қарап.


Бақыт деймін кей күнді шаттандырған,


Бақыт деймін кей күнді саған балап.


 


Келіп-кетіп тұрады Бақ маған да,


Кездері бар кейде іздеп таппаған да...


Бақыт өбіп, сыйпайды мандайымнан


Сені, жаным, таныстар мақтағанда!


 


Ғұмыр деген қып-қысқа жолда мына,


Не жетеді от басың-орманыңа!


Қиялдағы Бақыт боп жарытпайды,


Қарайықшы Бақыт деп қолдағыға!..




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу