Өлеңдер ✍️

  04.07.2023
  86


Автор: Серікбай Оспанов

Қазақта бұрын бар әдет...

Қазақта бұрын бар әдет –


Шақырмай бардым аға деп.


Жүрген соң әрі өзіңіз


«Келмейсің үйге, бала!»  деп.


 


Жігітпін деуші ем ағалы,


«Ағасы барлар жағалы!»


Болды ғой жаным жаралы,


Жанарың өтіп барады.


Сезгенім – қалдың жақтырмай,


Сөздерің сыбап, сабады.


Емес қой, аға, қарынды


Толтырудың бір амалы.


Табылады ғой қайдан да


Орыстың жаман арағы.


Бұзыла бастағаны ма


Қазақылықтың қамалы?!


«Адамды байлық бұзады-ау» ... –


Сананы ойлар қамады.


Еркелететін ағаны


Бұл күнде кімдер табады?!


Ырысыңды ішіп кетпеймін,


Ыдысың да үйде қалады!..




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу