Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
03.07.2023
112
Өзгерген номер
Өзгерген нөмір
Жаңадан бастадыңба өміріңді
Өзгертіпсің мендегі нөміріңді
Мен өзіңді жүрекпен қалап едім
Түсінбестен кеттің ғой көңілімді
Еріксіз жас келеді жанарыма
Білмеймін сені қатты қалады ма
Желіде отырма деп көруші едім
Көп болыпты, кірмепсің хабарыңа
Қарамастан сезімнің үзігіне
Бағындымда жүректің ізіміне
Іздеп, тауып алдымда нөміріңді
Сақтап қойдым ұялы тізіміме
Кейде мені есіңе аласыңба
Әлде іштей жек көріп барасыңба
Статусты көріпсің байқап қалдым,
Нөмірімді өшірмепсің шамасында
Мені көрсін дедіңбе? әлде басқа
Бүгін тағы салыпсың бейнетаспа
Келбетіңе қайта қайта қарай беріп,
Сағыныштан көздерім толды жасқа
Автор: Ташкенбай Бекарыс
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter