Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
02.07.2023
69
Түтін
Жылан болып ирелеңдеп,
Бұралқы иттей бұралаңдап,
Ауру болып кейде меңдеп,
Тұрады арбап,
Ұрады алдап.
Ол талайды қамауға алған,
Кей пендемен бір жаралған.
Тасып шығар танаулардан,
Билеп шығар мұржалардан.
Көшелерден, алаңдардан,
Шығар бықсық бар оттардан.
Жақсылардан, жамандардан,
Фабриктерден, заводтардан.
Гүлдей қызыл еріндерде
Қойдық оны сан билетіп.
Жеңгейлер мен келіндерге,
Қыздарға да әлдилетіп.
Әзірейіл бұл жан алған,
Тиеді орын төрден кей күн.
...Мұрындар мен мұржалардан
Улы жылан көргендеймін...
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter