Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
02.07.2023
112
Мен кетемін...
Мен кетемін,
Сен кетесің,
Ол да өтер,
Біздер жүрген болмау керек жол бекер!
Өзің салған соқпақ бар ма, не қалды?
Ізсіз күндер інге тығар, сорлы етер!
Өмір – айқас!
Намыс жоқ па, қол көтер!
Түңілдіріп түбімізге сол жетер!
Кер кеткенді жылап тірлік көтеріп,
Тер төккенді өмір күліп тербетер.
Дүние ме?!
Ол адамды пенде етер,
Уақытша, мен – есікте, сенде – төр,
Тірілген жоқ алтынға орап көмілген,
Тар көңілдер, жамылуға жер жетер!
Төріңді, өмір, іздеп келем көңілден,
Өмір сүрген жоқпын ба осы мен бекер?..
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter