Өлеңдер ✍️

  02.07.2023
  50


Автор: Серікбай Оспанов

Жол үстіндеміз...

Жол үстіндеміз!


Өнердің жолы бір басқа,


Көңілдің жолы ол,


Тазарту қиын кір басса!


Өмірдің жолы ол,


Өлеңнің жолы ол әр қилы,


Ақтарар шынын, кезігіп жұртым


сырласса.


 


Өмірбаяным, оқушым, отыр қолыңда,


Ту етіп Айды сүйегім жатар қорымда.


Тілегім, барым,


Байлығым, бағым,


Сорым да,


Жүрегім, жаным – өлеңдерімнің


жолында!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу