Шығармалар ✍️
Ахметтің мұрасы мәңгілік жадымызда
Қазақ әдебиеті сахнасында өзіндік орнын қалыптастыра білген ұлт зиялыларымыз жетерлік. Сондай ұлт жанашырларының бірі Ахмет Байтұрсынұлы. Бұл тұрғыда, халық ауыз әдебиетінде ауыздан ауызға сақталып келе жатқан батырлар жырын әдебиет саласына енгізуде, қазақ жазу әліпбиінің келер ұрпаққа жету жолында Ахмет Байтұрсынұлының рөлі ерекше. Менің ойымша, Ұстазымыз әр ұлттың өзіне тән тарихы, діні, тілі, сонымен қатар алфавиті мен жазу ерекшелігі болатындығын айтып, өмірінің талай уақытысын сол нәрселерді зерттеумен өткізді.
Өз өлеңдерінде халықтың арман тілегін, ауыр халін, мұң мұқтажын баяндап, жұртты оқуға, білім алуға, сауатсыздықты біржолата жоюға шақырады. Сонымен қатар патшалық үкіметтің шенеуліктері елді қанағанын, отаршылдық езгінің астына алғанын сынға алады. Оның алғашқы өлеңдер жинағы 1909 жылы «Қырық мысал» атты аударма мен Санкт-Петербургте жарық көреді. Бұл кітаптағы өлеңдер арқылы «Маса», «Үлес», «Қазақ салты», «Қазақ қалпы» қалың ұйқыда жатқан қараңғы елге жар салып, олардың ой санасын ояту үшін, автор бар білімі және бар жігер қайратын жұмсады. Әр өлеңінің соңында аудармадан бөлек, өзінің негізгі ойын, айтпақ түйінді мәселелерін, халқымыздың сол замандағы тұрмыс тіршілігіне, мінезіне сәйкес қосып отырған.
Ахмет Байтұрсынұлының екінші өлеңдер жинағы 1911 жылы жарық көрген болатын. Бұл кітаптағы өлеңдерде надандылық, қараңғылық, кәсіпке марғаулық, шаруаға енжарлық секілді кемшіліктерде айтылып өтілген екен. Мәселен, ішіндегі өлеңдердің көп бөлігі сол кездегі ағартушылық бағытқа үндес бола білді. Бұл нәрседен Ахмет Байтұрсынұлы Шоқан Уәлиханов, Абай Құнанбайұлы, Ыбырай Алтынсарин секілді ағартушылардың дәстүрлі, гуманитарлық, халыққа деген көз қарасын өзара жалғастырушы ретінде көрінді. Оның жазған өлең шумақтарының басты мазмұны халыққа үндеу, ой тастау. Патшалық үкіметтің езгісінде жүрген халықтардың рух жинап, бас көтеруіне қолдау көрсетіп, қолынан келген көмегін көрсету. Сонымен бірге елдегі барлық халықты білімсіздікке, әділетсіздікке, надандыққа, отаршыл үкіметке қарсы күреске шақыру. Бұл екі басылымда да қазақ әліпбиі сөз болып, екі жинақтың түгіскен арнасы ретінде қазақ лингвистикасында қалып кетті.
Сөзімізді қорытындылай келе, Ахмет Байтұрсынұлы шығармаларында барша қазақ халқының мұң мұқтажы, ертеңі, келешек өмірінің көрінісі жатыр. Ендеше, ұлт ұстазының әр туындысын бағалап, естен шығарып алмайық.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter