01.07.2023
  87


Автор: Құрбан айт

Айтыңызбен, Аташым!

Мұсылмандар мерекесі Құрбан айт,
Құттықтаймын айтыңызбен, Аташым!
Айттан айтқа амандықта жетіңіз,
Бата берер мейірімді Аташым!

Көшін бастап үйіміздің жүріңіз,
Сәтті болып Аташым-ау, күніңіз.
Саулығыңыз мықты болып Аташым,
Шаттаныңыз, қуаныңыз күліңіз.

Қасымызда болыңызшы әр айтта,
Сізге қарап түзейміз бойымызды.
Аман болшы аташым Алла жар боп,
Әрқашанда біздің қолдап ойымызды.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу