01.07.2023
  232


Автор: Құрбан айт

Құрбан айтың құтты болсын бауырым!

Құрбан айтың құтты болсын, бауырым,
Қабыл болсын жасаған тілегің бұл.
Бар жақсылық орналып отбасыңда,
Соға берсін Алла деп жүрегің бұл.

Құрбан айтта жасаған дұғаларың,
Тие берсін құраның сен оқытқан.
Жаратқаным жар болып бір өзіңе,
Қуана түс күн сайын сен бақыттан.

Күлімдей түс, жайнай түс жан бауырым,
Көңіліңде болмасын қайғы-мұңың.
Айттан айтқа жарқырап жете бергің,
Шаттығы көп бақ сыйлап әрбір күнің.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу